Жастар санатының жасы 35-ке дейін ұлғайтылады - мәжіліс заң жобасын сенатқа жолдады

0
560

Мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады.


Жастар санатының жасы 35-ке дейін ұлғайтылады - мәжіліс заң жобасын сенатқа жолдады

ERNUR.KZ. Енді 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар "жастар" санатына кіреді. Парламент мәжілісі тиісті заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралды. Құжатта "жастар" санатының жас шегін 29-дан 35-ке дейін ұлғайту көзделген.

"Депутаттар заң жобасына "жастар" ұғымының жас шегін жиырма тоғыздан отыз бес жасқа дейін ұлғайтуға бағытталған түзету енгізді. Бұл жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, оптимизмін, ертеңгі күнге деген сенімділік сезімін нығайтуға мүмкіндік береді және халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді", - деді депутат Жәмила Нұрманбетова.

Сонымен қатар, әкімдіктерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің даму басымдықтарын ескеріп, жастарға жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үй беру жөнінде бағдарлама әзірлеу және іске асыру бойынша жаңа құзырет беріледі.
Мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады.