Жаяу жүргіншілердің жауапкершілігі күшейтіледі

0
102

Әкімдіктер қауіпті учаскелерде бейнетіркеу жүйелерін орнату ауқымын кеңейтеді.


Жаяу жүргіншілердің жауапкершілігі күшейтіледі

фото: Sputnik / Айдана Дайырова

ERNUR.KZ. Премьер-министр Олжас Бектенов жаяу жүргіншілердің жауапкершілігін күшейтуді тапсырды, деп жазады sputnik.kz.
Үкіметтің бүгінгі отырысында жол қауіпсіздігі мәселесі қаралды. Осы орайда премьер-министр жаяу жүргіншілерге қатысты жол апаттарына да тоқталды.
"Көп жағдайда бұған жаяу жүргіншілердің өздері кінәлі болып жатады. Сондықтан жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтетін адамдардың жауапкершілігін күшейту қажет", - деді Бектенов.
Сонымен қатар реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінде жүргізушілердің кінәсінен болатын жол апаттары да аз емес.
"Әкімдіктерге осындай учаскелерде бейнетіркеу жүйелерін орнату ауқымын кеңейтуді тапсырамын. Әсіресе білім беру ұйымдарының маңында кері санақ таблосы бар заманауи бағдаршамдарды орнатуды қамтамасыз ету қажет", - деп атап өтті үкімет басшысы.