Кадрларда ер адамдардың бірі бұланға оқ атқан.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Желіде ашулы әрі жаралы бұланның аңшыға шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады. Алайда бұл жағдай Қазақстанда болмаған, деп жазады stan.kz.
Белгілі болғандай желіде тараған видеодағылар Якутия тұрғындары. Кадрларда ер адамдардың бірі бұланға оқ атқан. Сосын жараланған жануар аңшының өзіне шабуыл жасаған. Ірі жануардың досын тұяғымен тепкілеп жатқанын көрген екінші аңшы жағдайды ушықтырмас үшін бұланды атуға батылы бармаған.
Оқиғаны алғашында видеоға түсірген көлік жүргізушісі ашулы бұланды қорқытпақ болған көрінеді. Жағдайдың қалай әрі немен аяқталғаны белгісіз.
Айта кетейік, бұған дейін Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында сирек мекендейтін сілеусін, сібір тау ешкісі және бүркіт видеокамераға түсіп қалғаны туралы жазған едік.