Жеңіл көлік жол бойында КАМАЗ-ын жөндеп жатқан жүргізушіні қағып кетті, екі жүргізуші де қаза тапты

0
453

КАМАЗ жүргізушісін қағып, жүк көлігінің арты бөлігіне кіріп кетті.


ERNUR.KZ. Жол апаты Астана – Павлодар тас жолында болды. Екі жүргізуші де көз жұмды, деп жазады zakon.kz.

8 қараша күні сағат 21.00-де Астана – Павлодар тас жолында Lada көлігінің жүргізушісі көлігін жөндеп жатқан КАМАЗ жүргізушісін қағып, жүк көлігінің артқы бөлігіне кіріп кетті.

"Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында қаза тапты, Lada көлігіндегі кәмелетке толмаған жолаушы ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қажет сараптамалар тағайындалды. Көліктер айып тұрағына қойылды.