Жеңілдетілген автокредит бойынша өтінім қабылдайтын сайт ашылмай жатып істен шықты

0
584

4 проценттік автокредитке өтінім беру елорда уақытымен сағат 10.00-де басталған болатын.


 Жеңілдетілген автокредит бойынша өтінім қабылдайтын сайт ашылмай жатып істен шықты

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар әлеуметтік желіде autonesie.kz платформасында тіркеле алмағанын айтып шағымданып жатыр. Бүгін, 6 ақпан Астана уақытымен тура сағат 10.00-де іске қосылуға тиіс болған сайт бес минут өтпей істен шыққан, деп жазады sputnik.kz.

Өткен аптада жеңілдетілген автокредит бойынша электронды кезек 6 ақпан күні сағат 10:00-де басталатыны хабарланды. Азаматтар autonesie.kz сайтына кіріп, өтінім беруге тиіс болатын. Қазақстандықтарға барлығы 761 өтінім ғана қабылданатыны ескертілді. Лимит аяқталған кезде платформа автоматты түрде өтінім қабылдауды тоқтатады.
Алайда дүйсенбінің таңын тағатсыздана күткен қазақстандықтардің үміті ақталмады. Сағат 10.00-де сайтқа кірген адамдардың көбі өтінім бере алмаған.
"9.58-де бастық, 10-да ашылды. 10.01-де жабылды, ключ алды, машинаны жаздық, жабылды, содан ашылмады. Бұл жалғыз мен емес, бәрінде солай болды", - деп жазады әлеуметтік желі қолданушыларының бірі.
"Базасы дұрыс істемеді немесе өздері бөліп алды. Әйтпесе үш рет ЭЦҚ арқылы кіріп, автоөндірушіні таңдағаннан кейін "Қате" деп шығара беру мүмкін емес қой", - деп ашуланды тағы бір азамат.
"Автокөліктерді Қазақстанның элитасы ғана сатып алып үлгерді", - деп ашынды желі қолданушысы.
Көбісі электронды цифрлық қолтаңба арқылы кіргенімен, автоөндіруші таңдалмаған. Енді бірі бүкіл процедурадан өтсе де, сайт "қате" деп шығарған.
Ал бес минуттан кейін тіркелу мүлде мүмкін болмады. Платформа қаржыландыру лимитінің таусылғанына байланысты өтінім қабылдауды тоқтатты.