ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы 30 миллиард теңгеге қымбаттады

0
1 424

ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасын бекіту мерзімі мамырға дейін кейінге қалдырылды.


ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы 30 миллиард теңгеге қымбаттады

ERNUR.KZ. ЖЭО-2-ні газға көшіру жобасына мемлекеттік сараптама барысында ескертулер жасалды. Ал жоба құны 30 миллиард теңгеге қымбаттады, деп жазады Tengrinews.kz.

ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасын бекіту мерзімі мамырға дейін кейінге қалдырылды.

"Зиян қалдықтарды ауаға шығаруды азайту үшін жол картасында қарастырылған шаралардың бірі - ЖЭО-2-ні жаңғырту. Бесінші сәуірде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің (ТЭН) мемлекеттік сараптамасы бойынша теріс қорытынды шығарылды. Қазіргі уақытта біз және "ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ институты" жобалау ұйымы осы ескертулерді жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Келесі аптаның соңында дейін бұл ескертулерді түзетіп, қайтадан мемлекеттік сараптамаға барамыз. Оның аяқталу мерзімі - мамырдың соңы деп ойлаймын", - деді "Алматы электр станциялары" АҚ даму және трансформация жөніндегі басқарушы директоры Серік Қалиев Алматының экологиялық мәселелерін шешу жөніндегі жол картасын жүзеге асыру туралы халық алдындағы есептік кездесуде.

Қалиевтің айтуынша, Алматы ЖЭО-2 газбен жұмыс істеуі үшін сыртқы газ құбырын салу бойынша Жол картасы әзірленіп жатыр. Ал ЖЭО-3-ті газға ауыстыру бойынша "Самұрық-Қазына" қоры ТЭН-ді әзірлеуге тендер жариялау рәсімдерін аяқтап қалды.

Алматы экология департаментінің өкілі соңғы деректер бойынша ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасының құны 98-ден 131 миллиард теңгеге дейін өскенін атап өтті. "Алматы электр станциялары" АҚ басқарушы директоры бұл жобаға қажет құрал-жабдықтар мен басқа да іс-шаралардың нақтылануына байланысты дейді. Жобаның қаржы-экономикалық бөлігі әлі де пысықталады.

Еске салайық, Үкімет 2020 жылдың қазанында ЖЭО-2-ні газға ауыстырудың төрт нұсқасының бірін қабылдады. Мамандардың пікірінше, зиянды заттардың ауаға бөлінуі осылайша 83 пайызға қысқарады. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда ЖЭО-2-ні газға көшіру жұмыстарын жеделдетуді талап еткен еді.