Табиғи құбылыс 11 минутқа созылған.
Фото: spec.tass.ru
ERNUR.KZ. 20 шілдеде Күнде қуаттылығы M2.5 санатына жататын жарқыл тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.
Мамандар оның Жердің геомагниттік жағдайына әсер етуі мүмкін екенін жасырмайды.
Қолданбалы геофизика институтының мәліметінше, жарқыл Мәскеу уақытымен сағат 17:36-да, ал Астана уақытымен 20:36-да тіркелген.
Мамандардың сөзінше, рентген диапазонында 4489 (S04W22) күн дақтары тобында болған жарқылдың қуаты M2.5 деңгейінде.
M санатындағы жарқылдар қуаты жағынан X санатынан кейінгі екінші орында тұр. Мұндай құбылыстар кей жағдайда Жердің магнит өрісіне әсер етуі мүмкін.
Осыған дейін 22 шілдеде Жерде магниттік дауылдар болуы ықтимал екені хабарланған еді.


