Жетісу облысында аттан құлаған 6 жасар бала мерт болды

0
462

Бала шауып бара жатқан аттың үстінен құлаған.


Жетісу облысында аттан құлаған 6 жасар бала мерт болды

ERNUR.KZ. Жетісу облысының Панфилов ауданында 6 жасар бала аттан құлап мерт болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Полиция анықтағандай, бала шауып бара жатқан аттың үстінен құлаған. Ол әкесімен қыстаққа барған. Сол жерде атқа отырып жүргісі келген.

Бірақ асау ат оған бағынбаған. Шауып бара жатқан аттың үстінен құлаған баланың аяғы жылқының үзеңгісіне қысылып қалған.

«Оқиға 11 қазан күні Жерұйық ауылында болған. Жаркент қаласындағы ауруханаға баланы ауыр халде жеткізген. Өміріне араша түскен дәрігерлердің көмегіне қарамастан ол бірнеше сағаттан кейін көз жұмды. Ата-аналардан балаларына үлкен жауапкершілікпен қарауды сұраймыз. Себебі, бала өзіне төніп тұрған қауіпті түсінбейді. Арты қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.