Жетісу облысында екі жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

0
613

Анасы ұлын үлкен балаларына қалдырып, шаруаларымен сыртқа шығып кеткен.


Жетісу облысында екі жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

ERNUR.KZ. Талдықорғанда кішкентай бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі. Оқиға 18 тамыз кешке "Қаратал" шағын ауданында болды. Ұл бала аман қалды, деп жазады sputnik.kz.

Анықталғандай, екі жасар бала ересектердің қарауынсыз қалған. Анасы ұлын үлкен балаларына қалдырып, шаруаларымен сыртқа шығып кеткен.
"Шақыртуға келген дәрігерлер зардап шеккен баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Қазір оны тексеріп жатыр. Дәрігерлер бүлдіршінге қажетті көмек көрсетуде. Анасы да қасында", - деп мәлімдеді ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Қайсар Мұхметов.
Полиция азаматтарға балаларды көзден таса қылмай, сақ болуды ескертті.