Жетісу облысында тұрмыстық жанжал кезінде ер адам әйелді пышақтап өлтірген

0
111

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Жетісу облысында тұрмыстық жанжал кезінде ер адам әйелді пышақтап өлтірген

Фото: © istockphoto.com

ERNUR.KZ. Жетісу облысының полицейлері кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға тұрмыстық жанжалдан басталған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам мен әйел арасында тұрмыстық кикілжің туындаған. Жанжал барысында күдікті жәбірленушіге пышақ сұғып, салдарынан әйел адам көз жұмды.

«Қазіргі уақытта күдікті анықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс жалғасып жатыр», — деп атап өтті полиция өкілі.