Жетісу облысында жоғалған оқушы қыздың мәйіті өзен арнасынан табылды

0
596

4 маусымда кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта кетіп қалған.


Жетісу облысында жоғалған оқушы қыздың мәйіті өзен арнасынан табылды

ERNUR.KZ. Жетісу облысында екі күн бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кеткен жасөспірім қыздың мәйіті табылды, деп жазады sputnik.kz.

Polisia.kz 15 жастағы оқушының денесі 6 маусымда Панфилов ауданында Әулие ағаш ауылынан 2-3 шақырым жерде Бұрақожыр өзенінің арнасынан табылғанын хабарлады.
"Криминалдық сипаттағы өлімнің анық белгілері жоқ. Полицейлер қажетті сараптамалар жасап, барлық мән-жайды мұқият тексереді", - делінген ақпаратта.
Оқушы қызды іздеуге Панфилов аудандық полициясының жеке құрамы қатысты. Сондай-ақ іздестіру іс-шараларына облыстық департаменттің қызметкерлері, әскери қызметшілер, жергілікті тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен 200-ден астам ерікті қосылған.

Еске салайық, кеше Жетісу облысында 15 жастағы қыз жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз.