Жетісу облысындағы жазғы лагерьлердің бірінен шу шықты

0
201

Жетісу облысы Текелі қаласындағы «Бастау» лагерінің жұмысына ата-аналар разы емес.


Жетісу облысындағы жазғы лагерьлердің бірінен шу шықты

ERNUR.KZ. Үштөбе қаласының тұрғыны Сәния Аққужинаның айтуынша, ол баласын дәл осы жазғы сауықтыру орынына жіберіпті. Дегенмен, 8 шілде күні ұлын демалыс орынынан алып кетуге мәжбүр болған, деп жазады inform.kz.

«Менің ұлым бұл демалысты ұзақ күтті. Қуанып шығарып салдық. Бірақ 7 шілде күні маған балам лагерьде тамақ дұрыс емес екенін және ешқандай жағдай жасалмағаны жайлы айтты. Еш ойланбастан ертесі емізулі баламмен сол жерге бардым. Менің ғана балам емес, барлық балалардың көңілінен шқыпаған. Тамақ уақтылы берілмейді. Тіпті, іште дәретхана жоқ. Бастау лагеріне көбінесе атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар барған. Неге ондай балалардың жағдайын жасамайды?» - деді Жетісу облысының тұрғыны Сания Аққужина.

Сондай-ақ, ол аталмыш лагерде балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары жүргізілмегенін айтады. Тіпті, ондағы оқушылар киімдерін мұздай суға жуған.

Ал, бұл мәселеге қатысты Қаратал аудандық білім бөлімі былай деп жауап берді:

«2024 жылдың 19 маусымында 20 бала жоспар бойынша Текелі қаласындағы «Бастау» жазғы сауықтыру лагеріне жіберілді. 27 маусымда бұл лагерьге 39 бала жіберілді. 5 шілдеде 60 бала жіберілді. Лагерьге демалуға барған балалардың ата-аналары тарапынан бұған дейін шағым түскен жоқ. Осы уақытқа дейін білім бөлімі, ата-аналар, мектеп директорлары лагерьдің жағдайын бақылауға алған. Дегенмен, бақылау барысында кемшіліктер болған жоқ» - деді, Қаратал аудандық білім бөлімі.