Қалада жөндеу- қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.
ERNUR.KZ. Бүгін Жезқазғанда жарық пен су уақытша өшірілді, деп жазады Tengrinews.kz.
"Құрметті жезқазғандықтар! Бүгін, 9 маусымда таңертең жылу электр орталығында болған апатты жағдай салдарынан қала бойынша электрэнергия мен сумен қамту уақытша тоқтатылды. ЖЭО жөндеу- қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Энергия және сумен қамту жақын арада қалпына келтіріледі. Жағдайды дұрыс түсініп, сабырлық танытуларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.