Вакцинацияға қойылатын талаптар туралы да айтылды.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Қазақстандық әуекомпания Жидда мен Мәдинаға баруды жоспарлағандар үшін жадынама жариялады, деп жазады tengrinews.kz.
Хабарлама Air Astana әуекомпаниясының ресми Telegram-арнасында жарияланды.
"10 ақпаннан бастап умра мен қажылыққа баруға ниетті 1 жастан асқан барлық жолаушының менингококк инфекциясына қарсы егу сертификаты болуы керек", - делінген хабарламада.
Вакцинацияға қойылатын талаптар туралы да айтылды.
"Менингококқа қарсы төрт валентті (ACYW-135) полисахарид вакцина кейінгі 3 жыл ішінде және Жидда, Мәдинаға келерден кемінде 10 күн бұрын салынған болуы керек. Немесе менингококкқа қарсы төрт валентті (ACYW-135) конъюгаттық вакцина кейінгі 5 жыл ішінде және қалаға келерден кемінде 10 күн бұрын салынған болуы керек".
Қосымша ақпаратты Сауд Арабиясы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан таба аласыз.