Жітіқарада бір отбасының төрт адамы өрттен қаза тапты

0
549

Үйде төрт адамнан тұратын отбасы, оның ішінде екі жасар сәби де болған.


Жітіқарада бір отбасының төрт адамы өрттен қаза тапты

ERNUR.KZ. Қостанай облысында бүтін бір отбасы өрттен қаза тапты. Қайтыс болғандардың ішінде кішкентай бала да бар, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Хризотил КМ» басылымының жазуынша, қайғылы оқиға Жітіқара қаласындағы Комсомольская көшесінің бойындағы үйлердің бірінде болған.

Үйде төрт адамнан тұратын отбасы, оның ішінде екі жасар сәби де болған.

«Олардың бәрі қайтыс болды. Отбасы мүшелері ыстан уланған. Көршілерінің айтуынша, марқұмдар үлгілі отбасылардың бірі болған», - деп жазады басылым.