Екі жақты теке-тірестің кесірі қарапайым жұмысшыларға тиюде.
ERNUR.KZ. Қызылордада 500-ге тарта адам жұмыссыз қалғалы тұр, деп жазады inbusiness.kz.
Жол құрылысы нарығында 30 жылға жуық тәжірибесі бар компанияны тексерген салықшылар 171,1 млн. теңге берешегі барын анықтаған.
Алайда, «Дорстарой» жауапкершілігі шектеулі серіктестік өкілдері болса бұл мүмкін емес, біз салықты уақытылы төлеп жүрміз деп отыр. Екі жақты теке-тірестің кесірі енді қарапайым жұмысшыларға тиюде.
Себебі, жиілеген тексерістен компанияның жұмысы тоқтап, банкротқа ұшыраудың алдында тұр.