Жөтеліп, ыстығы көтерілгендер неге ұзақ уақыт жазыла алмай жатыр - министр жауабы

0
423

Халық арасында дене қызуының 39 градустан түспей, 2 аптадан 3 айға дейін жөтел кетпейтін аурудың тарап жатқаны туралы шағымдар бар.


Жөтеліп, ыстығы көтерілгендер неге ұзақ уақыт жазыла алмай жатыр - министр жауабы

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жөтел жұқтырған қазақстандықтардың неге ұзақ уақыт бойы жазыла алмай жатқанын түсіндірді, деп жазады inform.kz.

«Халық арасында дене қызуының 39 градустан түспей, 2 аптадан 3 айға дейін жөтел кетпейтін аурудың тарап жатқаны туралы шағымдар бар. Бұрын 4-5 күнде кетіп қалатын симптомдардың ұзаққа созылып кетуіне не себеп?» - деп сұрады журналист Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Ақмарал Әлназарова оның бір себебі халықтың дәрі-дәрмекті бейберекет пайдалануында болуы мүмкін деген болжам айтты.

«Бұл жерде кешенді мәселелер бар деп ойлаймын. Үлкен мәселенің бірі – вирустардың антибиотиктерге төзімділігі. Бүкіл әлемде осындай мәселе бар. Өкінішке қарай, антибиотиктерді бақылаусыз пайдалану мәселесі бүкіл әлемде өзекті болып тұр. Қазір жас балалардың ауыр жағдаймен ауруханаға түсіп, ешқандай антибиотикпен, 4-5 бесінші қатардағы антибиотиктермен емделмей жатқанын көріп отырмыз», - деді министр.

Сондай-ақ, ол жастардың дұрыс тамақтанбауы денсаулығынан көрініс беріп жатқанын айтады.

«Екінші мәселе – қанша дегенмен, дұрыс тамақтану мәселесі шығар. Қазір, өкінішке қарай, әсіресе жастар жағы сонша бір сапалы тамақ ішіп жүрген жоқ. Бұл да бізің иммунитетімізді қалыптастырады. Ұзақ уақыт бойы аурудың тағы бір себебі осында болуы да мүмкін. Үшінші мәселе қаладағы көліктерді саны болуы мүмкін. Аллергиялық риниттер мен синуситтер де әсіресе қала халқының денсаулығына әсер етіп жатуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселені кешенді түрде қарау керек», - деді Денсаулық сақтау министрі.