Жүк көлігін басып озуға әрекеттенген: Жетісу облысында қайғылы оқиға болды

0
601

Оқиға бүгін Ақсу ауданында Алматы-Өскемен тасжолының 360 шақырымында болды.


Жүк көлігін басып озуға әрекеттенген: Жетісу облысында қайғылы оқиға болды

ERNUR.KZ. Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды, деп жазады Sputnik.kz.

Оқиға бүгін Ақсу ауданында Алматы-Өскемен тасжолының 360 шақырымында болды.
Hyundai Tucson жүргізушісі ГАЗ-53 жүк көлігін басып озуға әрекеттеніп, онымен жанама соқтығысып, салдарынан жол жиегіне шығып кетіп, аударылған.
54 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Hyundai жүргізушісі мен тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.
Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.