Жүктіліктің алдында вакцина алу қажет – дәрігер

0
879

Біз «Пфайзер» вакцинасын күтіп отырмыз, оны жүкті әйелдерге ұсынамыз, дейді дәрігер.


Жүктіліктің алдында вакцина алу қажет – дәрігер

ERNUR.KZ. Белгілі отандық ғалым, қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин коронавирустың репродуктивті жүйеге қалай әсер ететіні және бала жоспарлап жүргендерге неліктен алдымен екпе алу керек екендігі туралы түсіндіріп берді, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Вячеслав Локшиннің айтуынша, жүкті әйелдерге коронавирус әртүрлі жолмен жұғады. Пандемияның басында олардың көпшілігі ауруды асимптоматикалық түрде өткізді. Ал «Дельта» штамының пайда болуымен жағдай күрт өзгерді, қазір олардың көпшілігі ауруханаларда КВИ-мен емделіп жатыр, жағдайлары асқынып барады.

«Өкінішке қарай, коронавируспен ауыратын жүкті әйелдерде асқынулар бар. Ерте жүктілік және мерзімінен бұрын босану жағдайлары болып жатыр. Ал жүктіліктің үшінші кезеңінде өкпе қабыну немесе пневмония жұқтырған адамдарда тыныс алу жеткіліксіздігі пайда болуы мүмкін, кейде соның салдарынан жүктілікті тоқтатуға тура келеді. Сол сияқты дәрігерлер сәбиге теріс әсер етуі мүмкін көптеген препаратты тағайындай алмайды. Қазіргі уақытта әлемнің дамыған елдерінің көпшілігі вакцинациядан кейін ғана жүктілікті жоспарлау керек деп санайды. Ал АҚШ, Канада, Израиль жүкті әйелдерді вакцинациялауды бастады. Қазір ондаған жүкті әйел вакцина алды, теріс әсері болған жоқ. Біз «Пфайзер» вакцинасын күтіп отырмыз, оны жүкті әйелдерге ұсынамыз», - деді дәрігер.

Оның айтуынша, жүкті әйелдер жүретін ортаны толығымен вакцинациялау өте маңызды. Себебі бұл коронавирус ауруының қаупін және салдарынан болатын асқынулардың пайда болу қаупін едәуір төмендетеді.

«Біз қорғанатын мүмкіндікті қатты күттік. Алайда, вакцина шыққан кезде қоғам пікірі екіге бөлінді. Қанша дегенмен вакцина тәртібі ондаған жылдар бойы қолданылып келе жатыр емес пе!» - дейді профессор.

Сондай-ақ, ол вакцина алған кезде ағзаға антиген-вирустың фрагменті енгізілетінін мәлім етті, ол вирусқа қарағанда қауіпті емес әрі аурудың таралуына ықпал ете алмайды.

«Кішкентай бөлік көбейе алмайды. Адам ағзасына коронавирусқа қарсы болсын, басқа ауруға қарсы болсын вакцина енген кезде қандай процесс өтеді? Адам ағзасы әлгі енген вирустың кішкентай бөлігіне қарсы антидене қалыптастырады. Осылайша ол көбейе алмайды. Ауырып жазылған, вакцина алған адамның иммунитеті екпе алмаған, ауырмаған адамнан 50 есе күшті болады», - деді спикер.