Жұманғарин былтырдан қалған барлық көкөністі қысқа мерзімде сатуды тапсырды

0
488

Үкіметте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының қазіргі жағдайы мен олардың қолжетімділігіне қатысты мәселелер қаралды.


Жұманғарин былтырдан қалған барлық көкөністі қысқа мерзімде сатуды тапсырды

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен ерте піскен өнім жаппай түскенге дейін көкөніс бағасын тұрақтандыру үшін қысқа мерзім ішінде былтырдан қалған барлық өнімді сатуды тапсырды, деп жазады sputnik.kz.

АШМ деректеріне сүйенсек, өңірлердің тұрақтандыру қорларында былтырғы өнімнен қалған 76,4 мың тонна көкөніс бар, нақтырақ айтсақ: 45,5 мың тонна картоп, 11,2 мың тонна сәбіз, 10,4 мың тонна пияз, 9,1 мың тонна қырыққабат.
"Өзбекстан мен Тәжікстаннан және Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен ерте піскен өнім жаппай түскенге дейін көкөніс бағасын тұрақтандыру үшін Серік Жұманғарин қысқа мерзім ішінде былтырдан қалған барлық өнімді сатуды тапсырды", - делінген хабарламада
Тоғыз өнімнің бағасы 0,1%-2,8% шегінде төмендеген, атап айтсақ: ұн, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, сары май, айран, сүзбе, қырыққабат, қант және жұмыртқа.
Дегенмен статистика бойынша маусымаралық кезеңде және ерте піскен көкөністер сатылымға қойылған кезде пияз, картоп, сәбіз бағасының біршама өскені байқалады.
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, 12 өңір "Qaztrade" сауда саясатын дамыту орталығының көмегімен импорттық көкөністерді жеткізуге Тәжікстан мен Өзбекстанның мемлекеттік кәсіпорындарымен шарт жасасқан. Сонымен қатар әкімдіктер Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының өндірушілерімен 29,6 мың тонна ерте пісетін көкөніст жеткізуге келісімшарт жасасты.
Бұған қоса, кеңес барысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі көкөніс сақтау қоймалары мен азық-түлік қоймаларының жағдайына ерекше назар аударылды
Әкімдіктердің мәліметінше, қазіргі уақытта бірде-бір қойма мен оның ішіндегі өнімге су тасқынынан залал келген жоқ.