Бүгін Азимова парламент палаталарының бірлескен отырысында заңнамалық тұрғыда реттелуге тиіс маңызды мәселелерді жариялады.
Sputnik / Абзал Калиев
ERNUR.KZ. Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова бала күтіміне қатысты әлеуметтік қолдау шараларын реттеу қажеттігін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Бүгін Азимова парламент палаталарының бірлескен отырысында заңнамалық тұрғыда реттелуге тиіс маңызды мәселелерді жариялады. Соның ішінде бала күтімімен айналысатын ата-аналардың уақытын еңбек өтілі ретінде есепке алу бастамасы да бар.
"Әлеуметтік кодекске жұмыс істемейтін ата-ананың жас балаға тікелей күтім жасаған уақытын жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау үшін еңбек өтілінде есепке алуға, сондай-ақ қазіргі жағдайларды ескере отырып, белгілі бір санаттағы адамдарды әлеуметтік қорғау тәсілдерін қайта қарауға қатысты өзгерістер енгізу қажет", - деді Азимова.
Оның айтуынша, бүгінде сақтандыруға және зейнетақы жинағын қорғауға қатысты ережелер бойынша азаматтық және әлеуметтік заңнама нормалары арасында құқықтық коллизия бар. Соны жою қажет.