Мәжілісте БАҚ өкілдері сұрағына жауап берген Премьер-Министрдің орынбасары–Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Тұңғыш Президент кеңсесінің тағдыры туралы айтты.
ERNUR.KZ. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Назарбаев кесесіне байланысты қандай шаралар қабылданатынын айтты. Сөзінше мәселе 1 жарым айда шешілуі тиіс, деп жазады Stan.kz.
Мәжілісте БАҚ өкілдері сұрағына жауап берген Премьер-Министрдің орынбасары–Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Тұңғыш Президент кеңсесінің тағдыры туралы айтты. Сөзінше қазіргі уақытта қайта құрылымдау мәселесі пысықталып жатқан көрінеді.
“Кеңсе бұрынғыдай болмайды. Қазіргі уақытта қайта құрылымдау жүріп жатыр. Әрине ондағы қызметкерлердің бір бөлігі басқа ұйымдарға ауыстырылады. Ал тағы қалғаны қысқартылады. Жақында оларға жұмыстан босатылатыны жөнінде хабарлама берілуі тиіс. Шамамен Назарбаев кеңсесіне байланысты мәселе бір жарым ай ішінде шешімін табады деп ойлаймын”, - дейді Жамаубаев.
Еске салайық, бұған дейін Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Тұңғыш Президент кеңсесінің бюджеті тек азаятынын ғана айтқан еді.