“Жұмысына жете алмады“ - Ақмола облысында жоғалып кеткен тұрғын өлі табылды

0
86

Көршілерінің айтуынша, ер адамның артында төрт баласы мен әйелі қалған.


“Жұмысына жете алмады“ - Ақмола облысында жоғалып кеткен тұрғын өлі табылды

Фото:Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

ERNUR.KZ. Астана іргесіндегі Қоянды ауылының тұрғындары көршісінің жұмысқа бармай, жоғалғанын айтып дабыл қақты. Кейінірек кюветтен оның мотоциклі табылып, жұрт полицияға хабарласқан, деп жазады tengrinews.kz.

Жоғалған адамның көршілерінің айтуынша, ол жұмысқа кеткен, бірақ жұмыс орнынан оның келмегені туралы хабарлаған. Біраз уақыттан кейін оның мотоциклі жол жиегіндегі ордан табылған.

"Ол ішімдік ішпейтін, шылым шекпейтін, "тура" жүретін адам еді, мұндай әрекет оған тән емес. Жұмысқа бармаған соң, сол жақтан хабарласты. Мотоциклі жұмысқа барар жолдағы арықтан табылған сияқты", — деді көршісі.

Облыстық полиция департаменті 2 мамырда Целиноград ауданының аумағынан бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен ер адамның мәйіті табылғанын хабарлады.

"Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — делінген облыстық полиция хабарламасында.

Көршілерінің айтуынша, ер адамның артында төрт баласы мен әйелі қалды.