Журналист Ақбөпе Тәңірберген Алматы қаласы Алатау әкімдігінің үстінен арызданды

0
921

Алатау ауданының әкімдігі хабарласып, хәл жағдайын да білмеген.


Журналист Ақбөпе Тәңірберген Алматы қаласы Алатау әкімдігінің үстінен арызданды

ERNUR.KZ. Әкімдік ғимаратынан күштеп шығарылған «Хабар24» телеарнасының журналисі Ақбөпе Тәңірберген олицияға арызданатынын айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, Алатау ауданының әкімдігі хабарласып, хәл жағдайын да білмеген. Ал, аудан басшысы Азамат Қалдыбеков болса тескеріс аяқталмайынша кешірім де сұрамайтын көрінеді. Қазіргі уақытта арнайы коммисия құрылған. Бір қызығы оны әкімнің орынбасары басқарады.

Елімізде журналистердің жұмысына кедергі келтіріп, күш көрсеткендерден көрі журналистердің өзі жиі жазаға тартылады екен. Соңғы жиырма жылдың өзінде бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне негізсіз қарсы шықты деген айыпқа ілінгендер саусақпен санарлық. Ал БАҚ қызметкерлерінің үстінен қозғалып жатқан істер том-томымен тіркелген.