Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150 қызмет іске қосылады

0
151

Цифрлық жүйелерді көшіру бойынша биылғы жоспар 92%-ға орындалды.


Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150 қызмет іске қосылады

фото: AP Photo / Matt Rourke

ERNUR.KZ. Жыл соңына дейін Қазақстанда eGov GPT арқылы 150-ге дейін қызметті іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Оның айтуынша "Әлеуметтік әмиян" 3 млн пайдаланушыға әлеуметтік көмекті проактивті түрде көрсетуге мүмкіндік береді.
"e-Otinish-тегі жасанды интеллект көмегімен 3,2 млн-нан астам өтініш өңделді. eGov GPT арқылы 51 қызмет қолжетімді. Жыл соңына дейін жалпы трафиктің 80%-ын құрайтын ең сұранысқа ие 150 қызмет қамтылады. 2028 жылға қарай жасанды интеллект негізіндегі қызметтердің үлесін 40%-ға жеткізу, ал 2029 жылға қарай қызмет алу уақытын екі есе қысқарту көзделген", - деді Жаслан Мәдиев.
Вице-премьердің айтуынша, Халыққа қызмет көрсету орталықтарын цифрлық кеңселерге трансформациялау жүргізілуде. Жаңа халықтың цифрлық кеңселерінде азаматтар қызметтерді eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған терминалдар арқылы өз бетінше ала алады.

Қазір 4 өңірде 5 цифрлық кеңсе ашылды. Тағы 10 өңірде қаржыландыру мәселесі шешілді.