​Жыланмен массаж жасайтын алматылық азамат жұртты шошытты

0
1 588

Маман науқасты бірнеше жыланмен емдейді.


​Жыланмен массаж жасайтын алматылық азамат жұртты шошытты

ERNUR.KZ. Алматылық массаж жасаушы өзінің клиенттеріне жылан арқылы жасалатын ерекше массажды ұсынды. Ол үйретілген жыланмен массаж жасайды, деп жазады NUR.KZ.

Жамбыл атты массаж жасаушының айтуы бойынша, жылан массажы денсаулыққа өте пайдалы. Атап айтар болсақ, жүйкенің тозуының алдын алады, депрессияны, күйзелуді, қорқынышты, шаршауды басады.

«Релакция сеансы психологиялық дайындықтан басталады. Клиентке процедура қорқыныштан арылтатындығын, шаршағанды басатындығын түсіндіреміз.

Содан соң клиент бетін төменге қаратып жатады. Маман бірнеше жыланды жібереді. Сосын жыландардың арқа мен қолда жүргенін қадағалайды.

Клиенттің мақсаты – массаждан демалу мен рахаттану.

Массаж кезінде клиент өзін өте жайлы әрі жақсы сезінеді. Оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жылан массажы – денсаулыққа өте пайдалы. Аталған процедура жарты сағаттан бір жарым сағатқа дейін жалғасады", - деді массаж жасаушы.