Жылына 400 мың теңге: көлік әйнегін қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін

0
140

2,5 млн көлік иесі осы қызметті пайдаланатын болса, бұл бюджетке жылына 1 трлн теңгеге дейін пайда әкеледі.


Жылына 400 мың теңге: көлік әйнегін қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін

фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Қазақстанда көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылауды заңдастыру мәселесі талқыланып жатыр. Рұқсат құны жылына 400 мың теңге болуы мүмкін. Бұл туралы мәжіліс депутаты Олжас Құспеков мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Рұқсат берілген жағдайда 2,5 млн көлік иесі осы қызметті пайдаланатын болса, бұл бюджетке жылына 1 трлн теңгеге дейін пайда әкелуі мүмкін.
Депутат көрші елдердегі тарифтерге мысал келтірді. Айтуынша, Қырғызстанда көлік әйнегін қараңғылау шамамен 415 мың теңге тұрады.
Қазір еліміздегі техникалық регламент бойынша алдыңғы жақ көріну керек. Жүргізушінің алдыңғы көрінісіне кедергі келтіретін қосымша заттар немесе жабындардың тұруына рұқсат берілмейді. Яғни пленка, перделер және жапсырмалар жабыстыруға болмайды. Бұл талап тек алдыңғы және алдыңғы бүйірлік терезелерге қатысты.