Зорлап, қашып кеткен: Екі жыл іздеуде болған азамат Қырғызстанда қолға түсті

0
1 147

Қазір күдікті азаматты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.


Зорлап, қашып кеткен: Екі жыл іздеуде болған азамат Қырғызстанда қолға түсті

ERNUR.KZ. Зорлау фактісі бойынша күдікті ретінде халықаралық іздеуде жүрген Астана қаласының тұрғыны Қырғызстанда ұсталды деп Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Ұстау шаралары кеше, 5 наурыз күні жүргізілген.

"Астана қаласында зорлық жасағаны үшін іздестіріліп жатқан Қазақстан азаматы Қырғызстанның Чуй облысына қарасты Аламуду ауылында ұсталды. Ол 2017 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Тұтқындау қырғызстандық әріптестермен бірлесе жүргізілді", - деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Қазір күдікті азаматты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Қашқын Бішкек қаласындағы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Министрлік өкілінің айтуынша, жиналған материалдар мемлекетаралық конвенцияға сәйкес экстрадициялау мәселесін әрі қарай шешу үшін еліміздің Бас прокуратурасына берілмек.