​БАУЫРДЫ тазалаудың КЕРЕМЕТ әдісі бар

0
16 836

Біле жүріңіз, артық етпейді


​БАУЫРДЫ тазалаудың КЕРЕМЕТ әдісі бар

фото: rutube.ru

Адамның бауыры – өзін-өзі тазартатын жалғыз ағза. Ол 30-ға жуық биохимиялық функцияларды орындайды. Десе де, адамның күшімен тазалауды қажет ететін кездер болады. Ол кезде емханаға немесе шипажайға баруға тура келеді. Оған уақыт тапшы болса, кейде қаржы мүмкіндік бермейді. Осындайда бірнеше маңызды ережелерді сақтай отырып, үйде бауырыңызға көмектесе аласыз.


Бауыр неге шлакқа толады?

  • Бауырдың ең қауіпті жауы – алкогольді ішімдік. Оның құрамындағы этил спирті ақуыздардың синтезіне, көмірсулардың өзгеруіне және эндогендік компоненттердің жойылуына жауап беретін дене жасушаларын бұзады. Осыған байланысты бауырда созылмалы қабыну пайда болады.
  • Кей жағдайда токсикалық улану мен дәрі-дәрмектің әсерінен де бауыр ауырады.
  • Дұрыс емес тамақтану да әсер етеді. Сіз шамадан артық тамақтансаңыз, майлы және тәтті тағамдарды жесеңіз, қарныңызды фастфудпен тойдырсаңыз онда бауырға салмақ түседі.
  • Одан бөлек, метаболикалық бұзылулар, семіздік және вирустық аурулар да бауырға зиян екенін ескеріңіз.
  • Отырықшы өмір салты да бауырдың жұмысын бұзатынын біле жүріңіз.

фото: finansgundem.com


Бауырдың шлакқа толғанын қалай білеміз?

Егер:

- теріде проблема болса;

- жүрек айныса;

- қыжыл және кекіру мазаласа;

- іш қатса;

- ауызға ащы дәм келсе, онда сізге бауырыңызды тазалауға тура келеді.


Бауырды қалай тазалаймыз?

Бауырды тазарту үшін дәрігерлер дәрі-дәрмек тағайындайды, арнайы диета ұсынады. Ал егер үй жағдайында бауырды шлактан, токсиннен тазартуды таңдасаңыз, онда мына кеңестерді орындаңыз.


Дұрыс тамақтану

Тамақтану мәзіріңізді қайта жасауға турал келеді. Себебі, тізімдегі қуырылған, тұзды, ащы және ысталған тағамдарды, консервілерді, күшті ет сорпаларын сызып тастаңыз. Оның орнын көкөністермен, жемістермен, қышқыл сүт өнімдерімен байытыңыз. Бұл тағамдар өттің ағуын жақсартады. Бауырға пайдалы азықтар:

Көкөніс: кәді, қырыққабат түрлері, асқабақ, қояншөп пен қызанақ

Көктер: аскөк, асжапырақ, күнзе, ақжелкен

Цитрусты жемістер: грейпфрут, апельсин, лимон

Жеміс-жидек: алма, банан, құлпынай, інжір

Жарма: кебек пен сұлы

Өсімдік майы: күбағыс, зығыр, зәйтүн және жүгері майы

Сүт өнімдері: сыр, творог, йогурт, простокваша, қаймақ.

Көкөніс шырындары (сәбіз, қызылша және қияр) бауырға өте пайдалы. Оларды араластыруға немесе бөлек ішуге де болады. 1-2 апта бойы күніне 2-3 рет жарты стақаннан ішсеңіз, бауыр тазарады.

фото: apteka72.com

Су ішу

Бауырды тазарту үшін сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішу керек. Күніне кем дегенде екі литр ауыз суды тұтыну ұсынылады. Дәстүрлі медицинадан көк шай мен шөп тұнбалары керемет көмектеседі.


Шөптер жинағы

— шайқурай (зверобой);
— жалбыз (мята) жапырағы

— алатікен (расторопша) жидегі

— салаубас (бессмертник) гүлі

— бөріқарақат (барбарис) тамыры

— қайың жапырағы

— итмұрын (шиповник).

Аталған шөп тұнбалаы өтті айдап, бауырды тазалауға қабілетті.


Су емі

Ванна мен сауна да денеден токсиндерді кетіре алады. Шамадан тыс терлеу арқылы токсиндер жойылады және тесіктер жақсы тазаланады. Осылайша, сіз иммундық жүйені нығайтасыз. Су емін қабылдаудан алдын жылы су немесе өт айдайтын тұнба ішіңіз. Сонда нәтижесі өзіңіз ойлағаннан да керемет болады.


Физикалық белсенділік

Отырықшы өмір салты өттің тоқырауына себепші болады. Сондықтан спортпен айналысу және дене шынықтырумен айналысу маңызды. Көбірек таза ауада серуендеңіз. Билеңіз, жүріңіз, жүгіріңіз.


Күнделікті режим мен тыңғылықты ұйқы

Тамақтану және физикалық белсенділіктен басқа, жақсы ұйқы да бауырдың саулығы үшін маңызды. Бір уақытта ұйықтауға тырысыңыз, 6 сағаттан артық ұйықтаңыз. Бауыр ұйқы кезінде белсенді жұмыс істейді, қандағы майларды кетіреді және улы заттарды шығарады. Ерекше белсенділік түнгі сағат 1-ден 3-ке дейін жүреді.

Тазалау кезеңінде Е және С дәрумендерін, сондай-ақ антиоксиданттарды қабылдау ұсынылады. Қосымша заттардың дозасы мен қолдану ұзақтығын емдеуші дәрігер ғана тағайындауы керек.

Бауырды тазартудың әдістерін қолданып көргеннен кейін сіз өзіңізді жақсы сезінесіз және терідегі өзгерістерді байқайсыз.


Кімге бауырды тазалауға болмайды?

Холецистит, панкреатит және гепатит кезінде бауырды тазалауға тыйым салынады. Оған қоса, жүкті және емізулі әйелдерге жасауға болмайды. Дәрігерлер қызба және жүйке аурулары, қант диабеті, жұқпалы және вирустық аурулары бар адамдарға да бауырды тазалауға рұқсат етпейді. Ендеше, ауруды асқындырып алудан сақ болыңыз!


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: sport-express.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЫҚЫЛЫҚТЫ тоқтатудың БЕС амалы


Мына ТӨРТ әдіс құрғақ ЖӨТЕЛГЕ ем болады


ДӘРІСІЗ қандай ДЕРТТІ емдеуге болатынын білесіз бе?