Аяғыңыздың сіңірі тартылып қалса, лимонды екіге бөліп табаныңызды ысқылаңыз.
Лимон сіңірдің тартылуына пайдалы. Аяғыңыздың сіңірі тартылып қалса лимонды екіге бөліп табаныңызды ысқылаңыз. Лимонның құрамында A, B, B2, P, C дәрумендері мен минералды заттар бар.
- Аузыңыз уылса (стоматит) 1 литр суды қайнатып дене температурасымен бірдей етіп суытыңыз. 2 ас қасық бал және 1 лимон шырынын қосып зақымданған жерлерге күніне 2 реттен жағыңыз.
- Лимон ауыз қуыстарындағы вирустарды жояды. Ол үшін 1 дана лимон шырынын 200 мл суға араластырып аузыңызды шайыңыз.
- Лимонның бронхит ауруына пайдасы зор. Ол үшін 0/5 литр суды қайнатып, пештің үстінен түсіріңіз. Оған 1 шай қасық тұз, 5 тамшы лимон, эфир майын тамызып, буымен демалыңыз.
- Қан қысымыңыз жоғары болса 2 дана лимонды майдалап турап, 1,5 стақан қант сеуіп, 6 күн қойып қойыңыз. Тұнбадан бір ұрттамнан бір күн үзіп-үзіп ішіңіз. Тұнбаны ішкен күні ештеме жеуге болмайды. Тек қайнаған суға лимон салып ішіңіз. Қан қысымыңыз түссе емделу уақытын тоқтатасыз. Әр емді қабылдаған сайын, 0,5 литр сүтке 5-10 бөлік қант салып қайнатыңыз. Сүтті суытып, жарты лимонның суын сығып бір ұрттамнан ішіңіз. Емделу уақыты әр бір жарым айда қайталанады.
- Күйген жеріңізге лимон қойсаңыз тез жазылуына көмектеседі.
- Уланған жағдайда суға лимон шырынын араластырып ішсеңіз, ағзаңызды тазартады.
- Кесілген жеріңізді лимонның шырыны араласқан сумен шайып, лимон таңсаңыз қанды тез тоқтатып, ұйытады.
- Етеккіріңіз тұрақты келмесе лимон шырынын ішіңіз, ішкі ағзаңызды қайта қалпына келтіреді.
- Лимон шырынымен бетіңізді сүртіңіз, бетіңіздегі барлық дақтарды кетіреді.
- Бетіңізге бөртпелер шықса мақтаға лимон шырынын сығып, бөртпелерді сол мақтамен сығыңыз.
- Әжімдер көңіл-күйіңізді түсірсе, күнжіт майы мен лимон шырынын бірдей мөлшерде алып, араластырып бетіңізді сүртіңіз.
- Лимонмен аяқ-қолыңыздың қатты терілерін жұмсартыңыз. Ол үшін, лимонмен қатты терілер бар жерлерді ысқылаңыз.
- Тісіңіздің қабыршағын кетіріп, ағарту үшін көк лимонның шырынымен жуып тұрыңыз. Бірақ күнделікті қолдануға болмайды. Себебі тіс эмаліна зақым келеді.
- Лимон шырынымен шашыңызды жуыңыз. Шашыңыз жылтыр, жұмсақ, әрі жібектей болады.
- Лимон қабығымен тырнағыңызды ысқылаңыз. Тырнағыңыз қатты әрі жылтыр, әдемі болады.
- Аяғыңыз шаршаса лимонмен аяқты ысқылаңыз. Шаршағанын басады.
- Кез келген жәндік шаққан жерді лимон шырынымен сүртсеңіз, тез жазылып, ізі қалмайды.
- Үйіңізде жәндіктер мен шыбын-шіркейлер көбейіп кетсе, солар жүретін жерлерге лимон шырынын жағып тастаңыз.
- Егер басқа жемістермен лимонды қойсаңыз, жемістер өз өңін сақтап тұрады. Егер таза піспеген бананның жанына лимон қойсаңыз, бананыңыз тез піседі.
- Лимон қосылған шай, шырын, сулар басыңыздың ауырғанын басып, жүйке-жүйелеріңізді демалдырады.
- Лимонды асқазан аурулары бар адамдарға жеуге, қолдануға болмайды.
- Артық салмақ тастағыңыз келсе 1 күнде 3 лимон, 2 күнде 5 лимон, 3 күнде 7 лимоннан жеңіз. Немесе стақанға 1 лимонның шырынын сығып үстінен су құйып, дәміне қарай бал қосып ішіңіз.
Ләззат АХМЕТОВА,
Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.