​Ұшықты тез арада кетіретін 9 түрлі ем

0
85 532

Ұшықты кетіру үшін үйдегі бар заттарды қолдануға болады


​Ұшықты тез арада кетіретін 9 түрлі ем

фото:the-challenger.ru

Ұшық – вирусты инфекция. Одан құтылу үшін қолда бар заттардан ем жасауға болады.


Тіс пастасы

Ұйқыға жатудан алдын жұқа етіп ұшыққа тіс пастасын жағыңыз. Таңертең жылы сумен жуасыз. Осылайша 3-4 күн жасасаңыз, ұшықтың ізі де қалмайды.


Кір сабын

Егер ерніңіз қышымсып мазаласа, онда кір сабынмен сүртіңіз. Сонда вирусты инфекция жойылып, ұшық әрі қарай көбеймейді.


Ас тұзы

Тұздың ұнтағын ұшықтың бетіне сеуіп, жарты сағаттай жатыңыз. Тұз ұшықтың шығуын тежейді әрі инфекцияны жояды.


Спирт

Ұшықты медициналық спиртпен сүртсеңіз, тез арада жазылады.


Қағаз

Газеттің қағазын орап, тәрелкеге салып өртейсіз. Күлін ұшыққа жақсаңыз, керемет ем болады.


Жұмыртқа

Жұмыртқаның сыртқы қабатындағы жұқа әрі жұмсақ қабықты сылып алып, ұшыққа жағыңыз. Бұл емді күніне 3 рет қолдансаңыз, ұшықтың ізі де қалмай тез арада оң нәтиже береді.


Қасық

Шай қасықпен ыстық шайды қозғап алып, ұшыққа басыңыз. Бұл ем инфекцияны жойып, вирусты өлтіреді. Нәтижесінде ұшықтан емделіп, жазыласыз.


Ас содасы

150 мл қайнаған суға 1 шай қасық сода араластырып, отқа қоясыз. Бір қайнап шыққан соң тұнбаға матаны малып алып, ауырған жерге таңасыз.


Сарымсақ

2 тіс сарымсақты сарымсақсыққышпен езесіз. Езбеге 1 ас қасық қаймақ пен 1 шай қасық бал араластырып, ұшыққа жағыңыз.


Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ.