«ӨРМЕКШІ АДАМ: Жаңа күн»: кинотеатрға БАРМАС БҰРЫН білу керек ақпарат

0
315

"Өрмекші адамның" тарихы және көрерменге керек ақпарат


«ӨРМЕКШІ АДАМ: Жаңа күн»: кинотеатрға БАРМАС БҰРЫН білу керек ақпарат

Сурет: images-s.kinorium.com


6 тамыздан бастап еліміздегі барлық Kinopark кинотеатрларында көптен күткен «Өрмекші адам: Жаңа күн» фильмі (2026) көрсетіледі. Жаңа бөлімнің премьерасы жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылыққа ие. Күтіп отырған көрерменнің көптігін ескерген кинотеатр фильмге алдын ала билетке тапсырыс беру қызметін қолжетімді етті.


«Жаңа күннен» не күтеміз?

2021 жылы жарыққа шыққан «Өрмекші адам: Үйге жол жоқ» фильмінің финалдық көріністері жанкүйерлердің жүрегін сыздатқан еді. Доктор Стрэндждің сиқырынан кейін бүкіл әлем Питер Паркерді ұмытып кетті. Оның жанында енді жан досы Нед те, сүйіктісі Эм-Джей де жоқ. Старк технологияларынсыз, қолдаусыз, жалғыз қалған Питер өмірін суық Нью-Йорктегі шағын пәтерден, нөлден бастауға мәжбүр.

Жаңа бөлімде ол тағы да күрделі сынақтарға тап болады. Көрерменді қауіп пен шытырманға толы оқиғалар мен жаңа қарсыластар күтеді. Марвел ұжымы бұл бөлімдегі басты антагонистің есімін барынша құпия ұстап,интриганы күшейтіп отыр. Фильмнің ресми сипаттамасына сүйенсек, Нью-Йоркке өте қауіпті әрі «ешкім көре алмайтын, жұмбақ қатер» төнеді.


Экран артында: «Өрмекші адам» қалай түсірілді?

Өрмекші адам туралы фильмдер тек кадрдағы арнайы эффектілерімен емес, сахна сыртындағы таңғажайып оқиғаларымен де құнды. Франшиза тарихында көрермен байқай бермейтін, бірақ түсірілім алаңында орын алған қызықты фактілер аз емес.

  • Леонардо Ди Каприо Өрмекші адам болуы мүмкін еді. 90-шы жылдары режиссер Джеймс Кэмерон бұл фильмді түсіруді жоспарлағанда, Питер Паркер рөліне Леонардо Ди Каприоны басты үміткер ретінде қарастырған. Дегенмен, жоба кейінге шегеріліп, рөл Тоби Магуайрға бұйырды.
  • Шынайы трюктер мен актерлердің батылдығы. Қазіргі кинода компьютерлік графика кеңінен қолданылғанымен, актерлер көптеген трюктерді өздері орындауға тырысқан. Мәселен, Том Холланд кәсіби гимнаст болғандықтан, фильмдегі акробатикалық секірулердің көбін каскадердің көмегінсіз өзі жасаған. Ал 2002 жылғы фильмде Тоби Магуайрдың мектеп асханасында подноспен тамақты қағып алатын атақты көрінісі ешқандай графикасыз түсірілген. Бұл сахнаны сәтті шығару үшін актер дәл сол қимылды 156 рет кайталаған екен!
  • Костюмнің қолайсыздығы мен жасырын қиындықтар. Сыртынан сәнді әрі ықшам көрінетін Өрмекші адамның костюмін кию актерлер үшін оңай болған жоқ. Том Холланд маска киіп тұрғанда су ішу үшін арнайы көзінен түтікше өткізуге мәжбүр болғанын айтқан. Ал Тоби Магуайрдың костюмі созылмайтын, тығыз материалдан жасалғандықтан, түсірілім арасында демалудың өзі мұң болған екен.


Өрмекші адамның кино тарихы: 24 жылдық эволюция

Өрмекші адам туралы алғашқы толықметражды фильм 2002 жылы жарық көрді. Содан бері кейіпкерді үш түрлі актер сомдап, бірнеше рет қайта жаңғыртылды. Әрбір кезең өз стилімен, оқиға желісімен және ерекше атмосферасымен есте қалды.

1. «Өрмекші адам» (2002)

Режиссер Сэм Рэйми түсірген бұл фильм суперқаһарман туралы жаңа дәуірдің басталуына жол ашты. Басты рөлді Тоби Магуайр сомдап, қарапайым оқушы Питер Паркердің радиоактивті өрмекші шаққаннан кейін ерекше қабілетке ие болуын көрсетті. Бұл фильм әлем бойынша үлкен кассалық табысқа жетіп, суперқаһарман фильмдерінің қайта өрлеуіне ықпал етті.

2. «Өрмекші адам – 2» (2004)

Көпшілік бұл бөлімді бүгінге дейін ең үздік суперқаһарман фильмдерінің бірі деп санайды. Питер Паркердің жеке өмірі мен қаһармандық міндетінің арасындағы күресі тереңірек ашылып, көрермен Дәрігер Сегізаяқ атты әйгілі жаумен танысты.

3. «Өрмекші адам 3: Жаумен бетпе-бет» (2007)

Үшінші бөлімде Питер бірден бірнеше қарсыласпен күреседі: Веном, Құм адам және Жасыл Гоблин. Сонымен қатар Питердің қара симбиот костюмін алғаш рет киген сәті фильмнің ең есте қаларлық көріністерінің біріне айналды.

4. «Жаңа Өрмекші адам» (2012)

Бұл фильм франшизаны қайта бастап, басты рөлге Эндрю Гарфилдті алып келді. Жаңа нұсқада Питер Паркердің мінезі, әзілқойлығы және ғылыми қабілеттері бұрынғыдан да анық көрсетілді.

5. «Жаңа Өрмекші адам: Жоғары кернеу» (2014)

Бұл бөлімде Өрмекші адамға Электро мен Жасыл Гоблин қарсы шығады. Сонымен бірге Питер Паркер мен Гвен Стейсидің махаббат хикаясы әсерлі жеткізілді. Бұл оқиға Marvel жанкүйерлері арасында ең қайғылы сәттердің бірі ретінде есте қалды.

6. «Өрмекші адам: Үйге оралу» (2017)

Бұл жолы Өрмекші адамды Том Холланд сомдап, оның тәлімгері ретінде Темір адам (Тони Старк) көрінеді. Фильм жасөспірім қаһарманның қалыптасу кезеңін баяндайды.

7. «Өрмекші адам: Үйден жырақта» (2019)

Бұл бөлімде Питер Еуропаға саяхатқа шығып, жұмбақ Мистериомен кездеседі. Фильмнің соңындағы күтпеген оқиға келесі бөлімнің негізгі желісіне айналды.

8. «Өрмекші адам: Үйге жол жоқ» (2021)

Франшизаның ең табысты бөлімдерінің бірі. Мультиәлем идеясы арқылы Тоби Магуайр, Эндрю Гарфилд және Том Холланд алғаш рет бір фильмде бас қосты. Бұл көрініс миллиондаған жанкүйердің көптен күткен арманы еді.


Өрмекші адам туралы қызықты деректер

  • Өрмекші адам кейіпкерін 1962 жылы Marvel комикстерінің аңызға айналған авторлары Стэн Ли мен Стив Дитко ойлап тапқан.
  • «Өрмекші адам: Үйге жол жоқ» фильмі әлемдік прокатта 1,9 миллиард долларға жуық табыс тауып, тарихтағы ең кассалық фильмдердің қатарына енді.
  • Өрмекші адам – Marvel тарихындағы ең танымал әрі ең көп сатылған комикс кейіпкерлерінің бірі.
  • Кейіпкердің басты ұраны: «Үлкен күшпен бірге үлкен жауапкершілік келеді». Бұл сөз бүгінде суперқаһарман әлемінің ең әйгілі қанатты тіркестерінің біріне айналған.
  • Өрмекші адамды үлкен экранда үш актер – Тоби Магуайр, Эндрю Гарфилд және Том Холланд сомдады. Әрқайсы кейіпкердің өзіндік қырын көрсетті.


Көрерменге керек ақпарат

Өрмекші адамның жаңа шытырман оқиғаларын үлкен экраннан алғашқылардың бірі болып тамашалауды жіберіп алмаңыз! Кинотеатрға жоспар құрмас бұрын мына детальдарға назар аударыңыз.

Жас шектеуі: 12+ (12 жасқа толмаған балаларға ата-анасының немесе ересектердің сүйемелдеуімен кіруге ұсынылады).

Көрсетілім форматы: Фильмді максималды эмоциямен сезіну үшін IMAX 3D, 3D және 2D форматтарында тамашалай аласыз.

Тіл таңдауы: Қазақша дубляж және орыс тіліндегі көрсетілімдер қолжетімді.

Жанкүйерлердің жоғары қызығушылығына байланысты Kinopark кинотеатрлар желісінде алдын ала билет сатылымы ашылды. Бүгіннен бастап орын брондау үшін Kinopark немесе Ticketon мобильді қосымшасына өтіп, өзіңізге ыңғайлы уақыт пен ең жақсы орындарды таңдай аласыз.

Төре СЕЙІТХАН,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

«ДАЛА» әлде «ОДИССЕЯ»: Қазақ көрерменінің таңдауы қайсы?
БАЛАЛАРДАҒЫ АУТИЗМ: ата-ана байқауы тиіс алғашқы белгілер