​«15 күн артық күттік»: Баян Мақсатқызы тағы да қызды болды

0
1 089

«Фантастикалық кино көріп отырмыз ба?»


​«15 күн артық күттік»: Баян Мақсатқызы тағы да қызды болды

Актриса әрі продюсер Баян Мақсатқызы төртінші қызының дүниеге келгенін хабарлады. Нәрестенің есімі Алма екен.


Продюсер перзентханадағы суретін «Инстаграм» парақшасында жариялады.


«Біз сені 8 жыл және Алисадан 15 күн артық күттік! Біздің қызымыз Алагөзова Алма Тұрсынғалиқызы дүниеге келді», - деді Баян Мақсатқызы.


Анасының қызды болғанын тұңғышы Айсәуле Бақытбек те растады. «Иә, ағайын! Біздің қатарымыз толығып жатыр. Мамам енді ресми түрде көпбалалы ана атанды. Дүниеге менің Алма деген сіңлім келді», - деп жазды ол.


Айта кетейік, Баян Мақсатқызы осыдан тұп-тура 15 күн алдын қызды болғанын хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұраған еді. Араға екі апта салып төртінші қызын хабарлады.


Желі оқырмандары актрисаның қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды.


«Тұрсын екеуіңіз таңғалдырудан жалықпайсыздар», «Бала туып беретін инкубатор тауып алған ба?» «Шок болдық қой, түсіндіріп беретін біреу бар ма өзі?», «Бауы берік болсын, асырап алған шығар», «Фантастика кино көріп отырмыз ба?», «Пранк шығар», «Қыздарыңыздың ғұмыры ұзақ болсын», «Баян батыр ана екен» деп жазды көпшілік.