​«70 соттық жері бар үй, 1 миллион доллар»: әнші Динара Әлжан Болат Назарбаевтың қазасына көңіл айтты

0
1 510

«Бұл кісінің маған жасаған жақсылығы көп»


​«70 соттық жері бар үй, 1 миллион доллар»: әнші Динара Әлжан Болат Назарбаевтың қазасына көңіл айтты


Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев 71 жасына қараған шағында дүниеден өтті.


Марқұмның қазасына бұрынғы әйелі, әнші Динара Әлжан көңіл айтып, «Инстаграм» парақшасына суретін салды.

«Осы жағдайды естіп, көңілім құлазып отыр. Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл кісінің маған жасаған жақсылығы көп. Бәрі де өткен іс. Алдынан жарылқасын, жаны жәннатта болсын» деп жазды ол.


Динараның өнердегі әріптестері, тыңдармандары Болат Назарбаевтың қазасына байланысты көңіл білдірді. Олардың арасында әнші Талғат Жорабаев та бар.

«Иманды болсын! Алла сондай мейірімді ғой, кешіргенді жақсы көреді! Бұл кісінің ел арасында біреуге бірдеңе жасапты деген өсектері ғана болмаса, көзбен көрерлік жақсылықтары өте көп еді, қолын жайып келген мұқтаждың қолын бос қайтармайтын мәрттігі бір төбе еді! Алла мейіріміне бөлесін! Ешқайсымыз күнәдән пәк емеспіз! Алладан келдік, Аллаға қайтамыз!» деді әнші.


Еске сала кетейік, Динара Әлжан Болат Назарбаевтың жары болған. Екеуі неке қидырғанда Болат мырза 70 соттық жері бар үлкен үй, 1 млн АҚШ долларын сыйға тартқаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда, 2 жыл бірге тұрып, ажырасқан соң дүние-мүлкін қайтарып алған. Бұл туралы Динараның өзі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында айтып берген болатын.