Абылай хан әлемді аралап жүр

0
4 400

Үш жүздің басын қосқан Абылай хан дүние жүзін аралап жүр. Сенбейсіз бе? Онда «Күнделігіңізге» түртіп алыңыз... Ол осы кезге дейін Лондон, Франкфурт, Сеул, Киев және тағы да басқа атақты қалаларға барған.


Абылай хан әлемді аралап жүр

Үш жүздің басын қосқан Абылай хан дүние жүзін аралап жүр. Сенбейсіз бе?

Онда «Күнделігіңізге» түртіп алыңыз... Ол осы кезге дейін Лондон, Франкфурт, Сеул, Киев және тағы да басқа атақты қалаларға барған.

«Абылай ханға» әлемді шарлатып жүрген жігіт - Бағлан Жұманов. Бағлан атақты әуе компаниялардың бірінде бортсерік болып қызмет етеді. Әлем елдерін шарлағанды ұнататын жігіт бірде «www.couchsurfing.com» деп аталатын сайт арқылы Куала-Лумпур қаласында тұратын Аaron есімді азаматпен танысқан. Ол малайлық-қытай бұрын Алматы қаласында он жылдай қызмет еткен. Кейін еліне қайтарда бірнеше валюталарды өзімен бірге алып кетеді. Соның жүз теңгелік купюрасын жаңа танысы Бағланға естелік ретінде сыйлыққа берген.

Бағлан Жұманов: «Сouchsurfing» - ол дүние жүзіндегі адамдардың бір-бірімен мәдени қарым-қатынас орнатуы үшін ашылған сайт. Онда танысқан адамдар елдеріне келген адамға қаланы көрсетеді, болмаса үйіне тегін тұрғызады. Сол сайт арқылы Аронмен таныстым. Ол «Абылай хан бейнеленген 100 теңгелік ақшаны естелікке берді. Содан бері оны үнемі өзіммен бірге алып жүремін. Барған жерімде суретке түсіріп инстаграмға жүктеймін. Менің өзіндік ерекшелігім болсын деген ниетпен!».


Фото: @zhumbag