«Айналайын, менікі кілең ер бала»: танымал әнші қарт анасын chatgpt-мен сөйлестіріп, елді күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

0
108

​Бейбіт Құшқалиев роботтан «Алтын алқа» иелеріне төленетін жәрдемақы туралы сұраған.


«Айналайын, менікі кілең ер бала»: танымал әнші қарт анасын chatgpt-мен сөйлестіріп, елді күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Қазақстан эстрадасындағы әнші, «KZ» тобының мүшесі Бейбіт Құшқалиев қарт анасын жасанды интеллектімен сөйлестіріп, оқырмандарын күлкіге қарық қылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бірталай оқырманы бар парақшасына жаңа видеосын жүктеген ол «Сhatgpt айтшы, «Алтын алқа» иелерінің ай сайынғы жәрдемақысы неге 100 мың теңге емес?» деп жасанды интеллектімен сөйлесе бастаған.

Сhatgpt жәрдемақы елдегі экономикалық факторларға байланысты екенін айтып, қысқа жауап берген. Сол кезде әншінің анасы әңгімені ары қарай өзі жалғап, роботқа біраз сұрақ қойған.

«Айналайын, менің жеті балам бар, кілең ер бала. Бізге тым болмағанда пойыз билетіне жеңілдік берсе. Әйтпесе, өздерің білесіңдер, қазір билет қымбат», - дейді қарт әже адаммен сөйлесіп отырғандай.

Сhatgpt-дің жауабын тыңдап болған әже оның «әдемі сөйлейтір адам» екенін айтып, ұлына қарайды. Әншінің анасы соңына дейін өзімен роботтың сөйлесіп отырғанын білмей, онымен риза күйде қоштасқан.

Әншінің оқырмандары баладай алданған әжеге ұзақ ғұмыр тілеп, видеоны таратып жатыр.