​«Ақшаларың жетпей ме?»: Гүлзира Айдарбекова өзін осылай деп сынаған оқырмандарына жауап берді

0
1 772

«Неден қорқуым керек?»


​«Ақшаларың жетпей ме?»: Гүлзира Айдарбекова өзін осылай деп сынаған оқырмандарына жауап берді

Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова соңғы жылдары күйеуі Нұртас Айдарбековпен бірге тапсырыспен той-томалақтарға барып, бірге ән салып жүр. Әншінің анасының мұнысын әлеуметтік желі қолданушылары сынап тастады.


«Маған «ақшаларың жетпей ме, неге ән айтасыңдар» деп бір-екі кісі жазыпты. Бұл – менің өмірім, менің жеке әлемім. Ол кісілер өз қалауынша өмір сүре берсе екен.



Ұлымды елге таныту үшін тек анасы емес, продюсері боп ел алдында жүргеніме 18 жыл болыпты. Енді жолдасыммен шақырған жерде жүрсем, халықтың маған деген махаббаты мен құрметі шығар. Алланың берген бағы, отбасымнан бөлек, тыңдармандарым қызықшылықтарында араларында болуымызды қалап тұрса неден қорқуым керек? Менің екінші отбасым – оқырмандарым, маған сіздерсіз ауа жетпеуі мүмкін» деп жауап берді Гүлзира Айдарбекова.