​«Ақшаны алғанда бәледей...»: Гүлзира Айдарбекова ұшақта шу шығарды

0
2 694

«Негізі аш емеспін»


​«Ақшаны алғанда бәледей...»: Гүлзира Айдарбекова ұшақта шу шығарды

Белгілі продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Оңтүстік Корея елінен қайтар жолда, ұшақта бортсерікпен ұрысып қалған. Бұл туралы әншінің анасы «Инстаграм» парақшасында айтты.


«Кішкене әлденіп алайын, сосын ұйықтаймын деп отыр едім. Мынау стюардесса қызға ұрысып бердім. Неге дейсіздер ме? Мен одан екі түрлі дәм сұрадым. Бірі – сиыр еті, екіншісі ащы «чикен». «Бізде ол қалмады, бітіп қалды деп тұр. Ұшақта адам аз. Қалай бітіп қалады?!


Сонда біз «бизнес клас» санатымен не үшін ұшып отырмыз?! Қазақстанда да солай, бұларда да осы жағдай екен. Негізі аш та емеспін. Өйткені үйге барған сайын келіндерім сүрленген етін асып, күтіп алады. Сонда да бұлардың тірліктеріне таңғалдым, ашуландым. Ақшаны алғанда бәледей өздері. Осы ұшаққа мысалы үшін, 455 мыңға билет алдым. Енді соны қалайша реттемейді бұлар?! Сол ақшаның ішіне тамақты неге кіргізбейді? Бұлардыкі мүлдем дұрыс емес», - деп ренжіді Гүлзира Айдарбекова.


Әншінің анасы артынша ұшақ қызметкерлерімен түсініскенін айтты.


«Сөзімді түсініп, кешірім сұрады. Негізі тәкаппарлық жоқ екен. Иіліп тұратындары ұнайды. Мейлі, ештеңе етпейді енді. Бірақ сонда да бұлардікі дұрыс емес», - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.