Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен 2 қылмыстық іс қозғалды

0
61

Бұл туралы оның бұрынғы әйелі жазған.


Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен 2 қылмыстық іс қозғалды

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Актер Нұрсұлтан Жақсыген заң алдында жауап беруі мүмкін. Оның үстінен екі бірдей қылмыстық бап бойынша іс тіркелгені белгілі болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы актердің бұрынғы жары Фариза Алмазқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

«Бүгінгі таңда Жақсыген Н. үстінен 2 қылмыстық іс қозғалды. 2 баппен! ҚР ҚК 115-1-бап және ҚР ҚК 274-бап 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша. Біз адвокат екеуміз @advokat.v.zakone бұл істер бойынша сотқа дейін барып, нүктесін қоямыз! Заң алдында тиісті жазасын алады», – деді Фариза Алмазқызы.

Еске салайық, бұған дейін актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі мен бұрынғы қайын жұртын қорлап жазған хаттары желіге жария болған еді. Содан кейін қазақстандық танымал тұлғалар жаппай Фариза Алмазқызына қолдау білдірген.