​«Ақырзаманның белгілері байқалып жатыр»: Абай Бегейдің оқушы қызы хиджап кигенін мәлімдеді

0
6 829

«Ертелі-кеш Аллаға оралатынымызды неге ойламаймыз?»


​«Ақырзаманның белгілері байқалып жатыр»: Абай Бегейдің оқушы қызы хиджап кигенін мәлімдеді

Абай Бегейдің әнші қызы Сымбат хиджап кигенін айтып, «Инстаграмына» жазба жариялады.


«Сл кідіріс. Сәл тыныс. Оралу үшін жоғалу. Ұғыну үшін доғару. Пендеуи тірлік біткен бе?
Пендешілік жүрекке түскенде - жан қиналады. «Пендеміз ғой», «әлі-ақ уақыты келер», «бұйырған күні бар шығар» , «бастысы ниетіміз бар» , «әлі жаспын»… Бұл сылтаудың шегі бар ма? Алладан келгенбіз - Аллаға қайтамыз! Сонда кім үшін - не үшін бұл сылтаудың бәрі? Жаратылған жан екенімізді біле тұра Жаратқанымыздың алдындағы парыз бен борыштан неге өзгені биік қоя береміз?!


Мен ойландым. Ой түйдім. Бұл шешімге келуім үшін бәрін сараладым. Себебі орамалды киіп-шешуі тез адамдардың қатарынан емес, басымдағы тәжім еткім келеді. Солай болғай. Жүрекпен келгім келіп, жанмен ұғынғым келді. «Инстаны», «тик-токты» ақтарсаң еврейлер мен мұсылман халқының соғысы. Шарасыз мұсылман бауырларымыздың үй астында қалған бала-шағасы, өліммен арпалысқан күнәсіз сәбилер. Осыдан кейін уақыттың еншісінде, өз уақыты келер деп қалай айтуға болады? Ақырзаманның белгілері байқалып бара жатыр, елдің сөзі-көзі деп жүргенде. Ертелі кеш Аллаға оралатынымызды неге ойламайды екенбіз деймін.



Жаратқан адамға бәрін берген. Көрерге көз, сөйлерге сөз, тынысқа қос танау, жұмысқа егіз қол, жүріске жұп аяқ берген. Естірге құлақ, жұтымға тамақ берген. Ішкі мүшемізді айтпағанда, сыртқы мүшелеріміздің нығметін байқап жүрміз. Көріп жүрміз. Іштей сол нығметті ұғып жүрміз. Бірақ соның қарымтасын қайтару қай пенденің ойына кіріп-шығыпты?


Мен бүгіннен бастап мінезіммен алысуды бастадым. Жүрегіме үңілемін деп шештім. Ойыма ластық, көңіліме кіршең дақ қалдырмаймын деп түйдім. Сіз де бастаңыз. Жаратқанға әр нығметі үшін алғыс айтуды қолға алдым. Орамалым мәңгілік болсыншы!» деп жазды Сымбат Абайқызы.


Жас әншінің бұл шешімі тыңдармандарын сан түрлі ойға жетеледі. «Әлі мекепте оқиды, бала болып, сабағын оқып, әдемі киініп, жарқырап жүретін кезі ғой. Үйіндегілер жас қыздың санасын улап тастаған», «Орамалың басыңтағы тәжің болсын!», «Қызықтың бәрі ана өмірде дейді , мына өмірде не істеп жүрміз сонда. Жап жас болып осындай әңгіме айтатындарды түсінбеймін», «Нағыз еліктегіш жас шағында тұрған қыз ғой», «Дұрыс, иманды адамның тірлігі, ақыретін ойлағаның жөн екен» деп жазды көпшілік.