Алған жары өзінен әлдеқайда кіші жұлдыздар

0
7 863

Жоқ, қарамайды! Оны әуелден-ақ бәріміз білеміз және дәлел де жоқ емес. Бүгінгі «Күнделікте» әйелінен бір мүшелге үлкен жұлдыздардың тізімін жазамыз.


Алған жары өзінен әлдеқайда кіші жұлдыздар

Жоқ, қарамайды! Оны әуелден-ақ бәріміз білеміз және дәлел де жоқ емес. Бүгінгі «Күнделікте» әйелінен бір мүшелге үлкен жұлдыздардың тізімін жазамыз.

Сексеннің сеңгіріне келген, аңыз адам Асанәлі Әшімовтың жары өзінен 33 жас кіші. Жары Бағдат ханым екеуінің Асанәлі атты ұлдары бар.

Қазақ хандарының рөлін сомдаған тау тұлға Тұңғышбай Жаманқұловтың жары өзінен 24 жасқа кішкентай екен. Өздеріңіз білетіндей ол үйдегі жеңгей көпшілікке танымал актриса Дәрия Жүсіп. Екеуінің ортақ үш балалары бар.

Алғашқы некесінен кейін бойдақ болып ұзақ жүрген Асхат Тарғын өткен жылы бір мүшелге кіші аққу құсын қолына қондырған еді. Қазір бір баланың ата-анасы. Асхат мырзаның алғашқы некесінен бір қызы бар.

«Шашы ұзын қыз» деп әндетіп жүретін Мұрат Қожа өзінен 15 жас кіші қызға үйленген. Алғашқы некесінен 3 қызы, ал екінші некелі жарынан Әйкерімнен де бір қызы бар. «Сұлу жары мен үш қызын тастап кетті», - деген жұрттың пікіріне Мұрат мырза: «Ол менің өмірім!», - деп қана қысқа қайырған болатын.

Өзінен 13 жас кіші қызға үйленген Еркін Нұржановтың қазір екі баласы бар. Алқашқы некесі сәтсіз болып, арада бірнеше уақыт өткен соң Динара есімді қызбен қайта отбасын құрған әншінің соңғы кездері жақсы хиттері халыққа жол тартып жатыр.

Мұнан бөлек өзінен бірнеше жас кіші сұлуларға үйленгендер қатарына әнші Қыдырәлі Болман, актер Рахман Омар мен Дәурен Айдарқұловты жатқызуға болады. Ал, оқырман, бұл тізімге сіз кімді қосар едіңіз?

Фото: әлеуметтік желіден алынды