Айдос пен Заринаның тұңғыштары дүниеге келді.
"Қалаулым" бағдарламасының атақты жұптарының бірі - Айдос пен Зарина болатын. Олардың махаббат хикаялары мен отбасылық шулары әлеуметтік желіде жиі талқыланды. Қазір екеуінің бөлек тұратыны да жасырын емес.
Ол туралы Зарина өзінің парақшасында үнемі жазып отырады. Ал бүгін "Қалаулымдық қыз" өзінің ана болғанын жариялады.
Осылай өзінің алғашқы сезімдерімен бөліскен Зарина, бірнеше сағаттан кейін босану процессін толығырақ жазып жариялады.
Мұндай жаңалықты естіген желі оқырмандары жас ананы құттықтап қолдау білдіріп жатыр. Ал қыздың әкесі Айдос әлеуметтік желіде ешқандай пост жарияламаған, тек стористе дәрігерлерге алғыс айтқан хаттарын бөліскен.