«Менімен қалжыңдасатындай досым емес, құрбым емес!»
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Нағима Есқалиева 70 жасқа толды. Өнер иесі туған күнін ет-жақындарымен және өнердегі әріптестерімен дүркіретіп атап өтті.
Осы кеште Халық әртісі Роза Рымбаева сөз сөйлеп, «Қазақ эстрадасында Халық әртісі көп болсын, көп болған сайын жақсы, өзара шығармашылық бәсеке болады. Бұл өте қызық. Бірақ біздің эстрадада қыздар арасында Халық әртісі атағын сен, мен және Мақпал ғана алған, дегенмен біз әртүрлі бағытта өнер көрсетеміз» деді. Дәл осы сәтте Нағима Есқалиева «Макпал несоюзного назначения» деп» әріптесін мойындамайтынын көрсетті.
Ал бұған Халық әртісі Мақпал Жүнісова «Нағима әпше, ішіңіз күйсе тұз жалап жіберіңіз, мен өз еліме құрметтімін. Мен апамды жақсы білем, менен жасы үлкен ғой деп көрген жерде сәлем беремін. Маған Нағимадай әнші болу арман болған жоқ, талай жерде "Сен "Халық Әртісін" менен ерте алып қойдың" деп айта береді. Ол үшін халықтың алдына көбірек шығып, қазақ әніне еңбек етсін! Менімен қалжыңдасатындай менің досым емес, құрбым емес. Зәкең өмірден озғанда да бір жылдан соң концертте көңіл айтқан» деп жазды.
Әншінің тыңдармандары Нағима Есқалиеваның пікірмен келіспейтінін білдірді. «Мақпал апай, Нағима апай қалжындап, артында еш жаман-арам ойсыз айтты ғой. Сіз үшеуіңіз үш бөлек әлемсіз, әр қайсыңыздың репертуарыңыз бөлек, дауыстарыңызда бөлек-үшеуіңізді де ерекше халық жақсы көреді, құрметтейді», «Мен үшін Мақпал бәрінен де жоғары. Әр әншінің өз тыңдарманы бар», «Мақпалға жетер әнші жоқ нағыз қазақтың ерке қызы дауысы керемет», «Осы Нағиманың сөзі кім, өзі кім, дені дұрыс бір әні жоқ, оттай береді», «Нағима Мақпалға жетіп алсын, іші күйгеннен тойына да шақырмапты» деп жазды көпшілік.