​«Әртіссымақтар әбден құтырды»: Әнші Өмірқұл Айниязовтың видеосы тыңдармандарының ашуына тиді

0
1 005

Ал белгілі тележүргізуші үйінен шыға алмай қалғанын айтты


​«Әртіссымақтар әбден құтырды»: Әнші Өмірқұл Айниязовтың видеосы тыңдармандарының ашуына тиді

Кеше түнде Алматыда 6 балл шамасында жер сілкінісі болып, халық үйлерін тастап таңға дейін сыртта жүрді. Осындай жағдайда белгілі әнші Өмірқұл Айниязов көпшіліктің ашуына тиетін видео салды.


«Түнімен Алматы халқы бір дүкрлікті. Ел аман болсын! Түнгі сәт!» деп видео салған әншінің қымбат ішік киіп, күліп түскен видеосы оқырмандарына жақпай қалған сияқты.


«Үстіне қымбат бағалы тері ішігін киіп, мәз-мейрам боп отырған әнші оқырмандарына жақпай қалған сыңайлы. «Өзне, атына, азаматтығына жараспайтын қылық жасап отыр, мынау не сұмдық?! Жер сілкінісі деп қойып шубаңды мақтанып, көрсетіп отырсың ба?», «Бұл әртіссымақтар әбден құтырды. Мақтанып қояр емес. Мына отырысыңа мен ұялып кеттім», «Ерсі пост екен», «Жер сілкіеісі жайлы жазып отырып тоныңды сілкіп, күліп түскенің қалай кетті», «Әйелінің шубасын киіп алған ба?», «Тыр жалаңаш қашпай, тонын іле шыққанын айт, қатырды бұл» деп жазды әншінің «Инстаграм» оқырмандары.


Ал осы кезде... белгілі тележүргізуші Анна Данченко үйінен шыға алмай қалғанын өкінішпен жеткізді.


«Көршілер далаға шығып кетті. Мен үйде, мамамның қасындамын. Ол жүре алмайтын болған соң, Алла жар болсын деп отырмын. Біз көпқабатты үйде тұрамыз. Жүздеген көршінің ішінен 1 ғана азамат чатқа «көмектесуге дайынмын» деп жазды. «Ал біз Алматыда жер үйде тұрамыз» деп күліп жазып жатқан адамдарға таңым бар. Олай жазудың қажеті жоқ, тіпті күлкілі нәрсе емес...


Қалай болғанда да мен Анаммен бірге қаламын. Денсаулығына байланысты суыққа шығуға, көп отыруға болмайды. Бар ойым тек анамда. Өзім үшін емес, мамам үшін қорқып кеттім. Барынша уайымымды білдірмеуге тырыстым. Біз үйдеміз. Дұғадамыз. Жазып жатқан достарыма және оқырмандарыма рахмет. Аман болайық» деп жазды Анна Данченко өзінің «Инстаграм» парақшасына.