АРЫҚТАУ ҮШІН ас содасын қалай ішу керек екенін айтты

0
38 335

Оның сөзінде де, салмағында да «артық нәрсе» жоқ. Артық салмақ демекші, ас содасын ішу арқылы арықтауға болады екен.


АРЫҚТАУ ҮШІН ас содасын қалай ішу керек екенін айтты

Көпшіліктің сүйікті мотиваторына айналған тележурналист Жанар Байсемізова инстаграм парақшасында ас содасының денсаулыққа пайдасын және оны өзі де қолданғанын жазды.


janar_baisemizova: «Сода туралы жазып едім, Direct-бір дорба хат келді.

Соданы қалай ішеміз деген сұрақ мазалайды ханымдарды. Қуанып отырмын! Сыртқы мүсінді түзеу мен организмді тазалауға ұмтылғандық деп білемін.

Сонымен мен қашан сода ішуді бастадым? Осыдан үш жыл бұрын, Атырауда. Аймаққа үйренісе алмаған алғашқы уақытта организм де шатқақтап кетті. Түрлі тәсілдерді іздей бастадым. Айтпақшы сода ішуді де, жүзуді де, өз өзімді тануды, қабылдау, мойынсұнуды да Атырауда бастадым. Сол үшін де ризамын Атырауға.

Екі жарым жыл тұрақты іштім, соданы. Кіммен сөйлесіп, таныссам да сода туралы айтушы едім. Елдер түсінбейтін. Инстаграмда да айтқанмын, ол кезде оқырманым аз болды, ешкім елемеді-ау деймін...
Қысқасы, таңертең ерте тұрғаннан кейін, су қайнағанша жарты стакан су ішіп аласыз.

Бір ас қасық (толтырмай, төмпешік жасамай) ас содасын стаканға, бокалға салып, үстінен бұрқылдап қайнаған суды (жарты) құясыз. Пышшш деген дыбыс шығады. Міндетті түрде осылай істеу керек, жылы су болмайды. Сосын салқын сумен араластырып, тіліңіз күймейтіндей ішесіз. Түгел тауысасыз.

Жарты сағаттан кейін су ішеміз. Тағы жарты сағаттан кейін таңғы асты жей беруге болады.

- Ішіңізді тазалап, ішек-қарныңызды жуып, жарқыратады.

- Зат алмасу процесін жақсартады.

- Ауру-сырқауды аттап бастырмайды (суық тию).

- Ісінгенді (отек) кетіреді.

- Кислотно щелочной балансты реттейді.

- Артық салмақтан арыласыз.

- Өзіңізді жеп-жеңіл сезінесіз.

- Пайдасы көп.

Толығырақ Youtube Неумывакин сода деп жазып, дұрыстап тыңдап алыңыз.

Менің айтқаныммен ғана жүрмеңіз. Өзім осы Неумывакин атадан үйрендім. Ол кезінде ұшқыштарды ғарышқа дайындаған мықты ғалым, профессор.
Жаңадан бастағандарға, қорықсаңыз жарты ас қасық толтырмай салыңыз.
Мен қазір араға біраз уақыт салып қайта ішіп жатырмын. Маған сода ішкен өте ұнайды. Таңертең тұрғанда сондай балғындық береді ғой, шіркін. В общем не грустите, пейте соду. Бәріңізге мықты денсаулық тілеймін. Дені саудың - жаны сау. Өте жақсы айтылған!
Ешнәрсеге ҚАРАМАСТАН сода іш, бақытты бол. Бөлісесіздер ғой, қалай болғанын айтып...»

Парақша оқырмандарының арасында ас содасын ішу туралы білетіндері де бар екен. Олар да өз білгендерімен бөлісті.

Ал, сіз ас содасын ішіп көргенсіз бе. оқырман?

Фото: @janar_baisemizova:

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


«Сенікіндей ерекше дауыс біздің эстрадада ешкімде жоқ» деп баға берді (видео)

Ақбота Керімбекова тағы да ЕКІ АТАҚҚА ие болды (видео)

Нәрестені неге ҚЫРЫҚ КҮН тұзды суға ШОМЫЛДЫРАДЫ? Белгілі логотерапевт түсіндірді (видео)