«Ауыр дерттен кетіп қалды»: Актриса Гүлбаушан, Қарагөз Тілеубековалар сахнадан көрінбеу себебін айтты

0
1 881

«Басымыздан ауыр қайғыны өткердік»


«Ауыр дерттен кетіп қалды»: Актриса Гүлбаушан, Қарагөз Тілеубековалар сахнадан көрінбеу себебін айтты

Белгілі актрисалар, кезінде бірі «Тамаша» әзіл-сықақ театрының, екіншісі «Бауыржан-шоудың» көрігін қыздырған Гүлбаушан мен Қарагөз Тілеубековалар қайда жүр? Осы сұрақ апалы-сіңлілі актрисаларға «1001 түн» бағдарламасында қойылды.


– Не кинодан, не сахнадан көрінбей жүрсіздер. Не кедергі? Әлде жеке өмірдегі жағдайлар әсер етіп жатыр ма?


– Жоқ деп айтуға болмайды. Жоқ дегеннен құдай сақтасын. Бұрын Алматыда түсірілімдер көп болатын. Қазір телеарналар Астанаға ауысып кетті де, бара алмай қалдық. Өйткені, мен ұшақтан қорқамын. Ұшаққа мінсем, сөйлемеймін де, күлмеймін де, тамақ та жемеймін. Қатты қорқамын. Сондай қорқыныш пайда болды, - деді Қарагөз Тілеубекова.



– Бізді көргісі келетін көрермендердің ықылас-ниетіне, іздегеніне қуаныштымыз. Кейде ойлайсың, жырпың-жырпың етіп шыға бергің келмейді. 50 жылдық шығармашылық кешімді қойғаннан кейін туған үлкен апайым қайтыс болды. Аяқ астынан. Ойламаған жерден бір күнде төбемнен жай түскендей болды. Содан кейін адамның шығармашылыққа келуі де қиын болады екен. Одан анау болды, мынау болды. «Жоқ, жұмыс істеуім керек, бала-шағаны бағуым керек» деп өзің де талпынып, қайтадан соғысқа аттанғандай жинала бастадым. Өз-өзімді қамшылап жүріп, біраз киноға түстім. Бірақ, ауыр дерт болған соң бәрібір балалары қалды, соларды өсіру керек, үйлендіру керек деп тұрмысқа көңілің ауып кетеді екен.

Соңғы кездері тағы көрінбей кеткеніміз, 5 ай бұрын ең жақсы көретін бауырымыздан айрылып қалдық. Үлкен қайғыны басымыздан өткердік, - деді Гүлбаушан Тілеубекова.


Осылай деген қос актриса тікелей эфирде "Попурри" орындап, көптен бері көргісі кеп жүрген көрерменіне әннен шашу шашты.