​«Байымнан қалмаймын»: Алтынай Жорабаеваның келіні ән айтамын деп сынға ұшырады

0
1 392

«Қателігімді тергенше, ақтап алуға тырысыңдар»


​«Байымнан қалмаймын»: Алтынай Жорабаеваның келіні ән айтамын деп сынға ұшырады

Әнші Алтынай Жорабаеваның келіні Аяулым Жорабаева күйеуімен «Ақ терек, көк терек» деп аталатын ән айтамын деп, әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшыраған. Бұл туралы блогердің өзі «Инстаграм» парақшасында айтты.


Жұлдызды келін Талғат Жорабаевпен ән айтқан видеосын желіге жүктеп «Байымның артынан қалмай, бірге ән айтып кеттім. Күйеуім өзге әйелмен ән айтқанша, қол ұстасып өзім айтпаймын ба?» деп жазып қойған болатын. Ал оған оқырмандары «Хиджап киіп алып ән айтқаны дұрыс болмады» деп баға берген.


«Бәрі Тәкемнің рұқсатымен. Тәкемді мен байым деймін. Өйткені ішімде үлкен ниет бар. «Бай болсын, тапқан табысымыздан біраз отбасыға баспана алып беретіндей» деп армандаймын. Ал ол маған «қатыным» деп сөйлейді. Сосын, мен тақуа емеспін және сондаймын деп ешқашан парақшамда кеуде ұрған емеспін. Өнер адамына тұрмысқа шықтым, тағдырым солай болып тұр.


Орамалымды жамылып блог парақша жүргізіп бастаған Қазақстандағы алғаш жанмын. Сол күннен бері небір сынды естіп келемін. «Инстаграмда» әйел адам отыруға болмайды» дегендер, қазір өздері желінің гүлі болып жүр. Сол үшін әр сөзге абай болу керек. Қазір ажырасу көп болып жатқан өмірде қайта күйеуіммен қол ұстасып жүргенім жақсы деп ойлаймын. Күйеуім «әлеуметтік желіден кет» деген күні, тура сол уақытта кетемін. «Орамалды Аяулым өлең айтып жүр» деп қателігімді тергенше, мені ақтап алуға тырысыңыздар. Мен тек өлең айтып жүргем жоқ, қайырымдылық қорын ашып, халықтың атынан қанша жанға көмек беріп жүрген себепкер жанмын», - деп жазды Алтынай Жорабаеваның келіні.


Блогер оқырмандарына әр сөзге абай болу керегін айтып, ескерту жасады.


«Мен соңғы кездері ешкімге ештеңе айтпайтын болдым. Аузым күйді. Өйткені сен біреуді сынасаң, ғайбаттасаң, жаман ойласаң, сенің басыңнан сол сынақты өткізбей өмірден алмайды» дегенді сол уақытта ұмытып кеткем. Қазір әрдайым есімде», - деп сөзін түйіндеді Аяулым Жорабаева.