Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт және Минск қалаларындағы концерттер тоқтатылды.
Димаш Құдайберген коронавирус пандемиясының әлемде кең таралуына байланысты "Арнау" гастрольдік сапарын кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында хабарлады.
Қауіпті вирустың көптеген мемлекеттерге тарап кетуіне байланысты қазақстандық әншінің Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт және Минск қалаларындағы концерттерін басқа уақытқа жоспарлап оытр.
"Arnau Tour" әлемдік туры аясындағы концерттер кейінге қалдырылғанын өкінішпен хабарлаймын. Коронавирус инфекциясының алдын алуға байланысты Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт жәнеМинск қалаларындағы концерттерім тоқтатылып, басқа уақытқа жоспарланып отыр. Қабылдаушы тараптармен келісіліп, концертердің өтетін күні анықталған соң, алдын ала жарияланады",- деп жазған әнші.