​«Бетін бүркеп, түрін тұмшалап алған»: Бейбіт Қорған Атырауға арнайы барып, ДНК сараптамасын тапсырды

0
4 355

«Күмән көп, ұзатылатын қыздай, артына қарамай қашты»


​«Бетін бүркеп, түрін тұмшалап алған»: Бейбіт Қорған Атырауға арнайы барып, ДНК сараптамасын тапсырды

Өткен жылдың қараша айында «Астарлы ақиқат» бағдарламасына Атырау қаласынан Нұргүл Зиханова есімді келіншек келіп, «Баламның әкесі – Бейбіт Қорған» деп мәлімдеген болатын.


Содан бері арада бірнеше ай өтті, іс немен аяқталды? Бұл туралы «Астарлы ақиқаттың» бұрынғы жүргізушісі, журналист Дина Төлепберген айтып берді.


«Астарлы ақиқатты» жүргізуді тоқтатсам да, бұл мәселе менің бақылауымда. ДНК алу үшін Бейбітті сотқа сүйредік. Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсеңіз шошисыз. Құдды бір отадан шыққандай, «Маска шоу» маңырап қалады. Ауыр диагнозбен ауыратын бала жайлы айта ма деп едік, ләм-мимсіз, ұзатылып жатқандай, артына қайырылмай кетті. Бізден қашса да, ақыры Атырауда, заң аясында өз қанын тапсырды. Нәтижесін сот бір айдан кейін жария етуі тиіс» деді тележүргізуші.


Алайда ол қан тапсыруға келген адамның Бейбіт Қорған екеніне күмәнданатынын айтты.


«Бетін бүркеп, түрін тұмшалаған точно Бейбіт пе, өзі? Сот қабылдаған сынамаға қаншалықты сенуге болады? Өйткені даусын естімедік, түрін көрмедік, камераға түсіре алмадық. Мен және менің командам мұндайды алғаш көруіміз» деді Дина Төлепберген.


Еске сала кетейік, атыраулық келіншек осыдан 5 жыл бұрын әнші Бейбіт Қорғанмен жергілікті мейрамханалардың бірінде танысып, көңіл жарастырып, ұлды болғанын айтқан еді. Бейбіт Қорған ұлы барын біле тұра «Тыныш жүр, ешкім біліп қоймасын» деп қарсылық көрсеткен. Алайда Нұргүл Зиханованың баласы ауыр дертке шалдығып, емдетуге қаражаты болмағандықтан көпшілікке жария етуді жөн көрген.


Ал әншінің өзі «Астарлы ақиқаттың» редакторына «Екінің бірі "Менен балалы болдым" десе, әрқайсысына ДНК тапсыруым керек пе? Қалай сонда? Екінің бірі солай айта берсе, сене бермейміз ғой. Мен бармаймын. Не үшін баруым керек? Танымайтын адамның айтқанына жүгіріп бара бермеймін. Танымаймын", - деп жауап берген еді.