"Бұл күнге де жеттік пе?": Қытайда қазақша сөйлеген Димашқа ел риза болды (видео)

0
6 301

Оқырман: "Шетелде қазақша сөйлеп тіліміздің мәртебесін көтергеніңе рақмет!"


Қытайда өткен халықаралық марапат кешінде қазақша сөйлеген Димашқа ел риза болды. «The Silk Road Cohesion Awards 2018» халықаралық марапат кешінде "Жыл әншісі" және "Жібек жолының мәдени елшісі" атанған Димаш алғысын қазақ тілінде жеткізіп, жеңісін Отанына арнады.

Димаш Құдайберген: "The Silk Road Cohesion Awards 2018» халықаралық марапат кешінде "Жыл әншісі" және "Ұлы Жібек жолы" елдерінің шешімімен "Жібек жолының мәдени елшісі" деген марапаттар алып, мереке қарсаңында сыйға бөлендім. Қуаныштымын. Әр жеңісім отаным үшін ,барлық тыңдармандарым үшін. Шанхай қаласы. Мереке құтты болсын тағы да!"


Димаштың өзі бөліскен бұл видеоны көрген жанкүйерлерінің қуанышында шек болмады. Олар елін әлемге танытып жүрген ұлға амандық тілеп, бар жақсылықты тіледі. Сондай-ақ қазақ тілінде сөйлегеніне қуанған жұрты "Аллаға мыңдаған шүкір. Қазақ тілін орыс тілді болып тілімізді менсінбей жүргендердің көзін ашқаның үшін басымды иемін. Димашжан аман болсын. Ата анасына тегіне рахмет!", "Осы күнге де жеттік пе? Қазақ тілін қытай тіліне аудармашы аударып тұр. Аллаға шүкірлік етеміз сендей ұлдың барына..." деп шүкірлік білдірді.

Фото: kudaibergenov.dimash

ERNUR.KZ